Мұнайгазды свита

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгазды свита - мұнайдың немесе газдың өндірістік қорлары жинақталған жерасты қорқоймаларын құрайтын таужыныстарың қойнауқаттарын, горизонттарын немесе линзаларын кіріктіретін стратиграфиялық түзілімдер кешені. Егер мұнай әуел бастан-ақ осы свитаның өзінде қалыптасқан болса, онда бұл свитаны әуелден-ақ мұнайлы свита деп атайды. Мұнай жатындары сөз болып отырған свита ауқымына өзге өңірлерден жылыстап келген жағдайда, бұл свита туынды мұнайлы свита деп аталатын болады. Мұнай мен газ жатындарын ең жақсы тұтатын литологиялық фациялар қатарына жататындар — әктастардың, доломиттердің, құмтастар мен құмдардың қабатшалары мен линзаларын кіріктіретін саздар яки жіктастар, құмтастар және құмдар.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}