Мұнайгазды нысанның тұйықтығы (дербестігі)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгазды нысанның тұйықтығы (дербестігі) Өзімен көршілес өзге геологиялық нысандармен көмірсутек алмасу процесі жүзеге аспайтын, яғни өз алдына дербес шоғырланған мұнайлы-газды нысан — мұнайгазды провинция, алап, кешен, т.с.с. Термин мұнай мен газды қалыптастыратын немесе оларды шоғырлайтын нысандардың екеуіне де қатысты қолданылады. Бұл жүйелердегі көмірсутектер жан-жағынан әр түрлі табиғи кедергілермен — аймақтық жапқыштармен — мұқият қалқаланған, соңдықтан олардағы көмірсутектердің екінші өңірге жылыстауы немесе көмірсутектердің қосымша қорлары бұл жүйеге өзге өңірлерден ағып келуі жүзеге аспайды. Мұнайгазды нысандар (провинциялар, алаптар, кешендер, т.с.с.) өздерінің дербестелу дәрежесі тұрғысынан түрліше болып келеді, сондықтан мұнай мен газ қорын бағалау барысында бұл мәселе алдын-ала саралануы тиіс.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}