Мұнайгаздылық мүмкіндігінің картасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгаздылық мүмкіндігінің картасы - көмірсутектер жатынын кіріктіруге әр түрлі дәрежеде мүмкіндіктері бар алқаптардың нақтылы жазықтықта түрлі масштабта түсірілген геологиялық құрылыс ерекшелігін айқындайтын сызбалы құжат; сәйкесті масштабтағы геофизикалық негіз бетіңде кескіңделеді. Мұндай карталардың басты параметрлері мұнай және газ кіріктіруді бағалаудың түрлі-түрлі критерийлері болып табылады.

Алқаптарды салыстырмалы түрде саралау мақсатында аталған критерийлердің нақтылы кешенін таңдап алу бағаланбақ нысандардың масштабына, аймақтың зерттелу дәрежесіне, көмірсутектердің шоғырлану сипатына, т.б. факторларға тәуелді. Мұнайгаздылық мүмкіндігінің картасы аймақты, немесе оның жекелеген бөліктерін бастапқы сапалық бағалау шараларын жүзеге асыруға қажетті ең басты қорытындылау құжаттарының бірі болып табылады. Бұл карта мұнай мен газға деген аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстарды бастау қажеттілігін дәлелдеудің негізі рөлін атқарады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}