Мұнайгаздылық картасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгаздылық картасы - Әуел бастан-ақ әр түрлі геологиялық жағдайлардағы мұнай, немесе газ массаларын кіріктіруге, немесе оларды өзге өңірлерден сіңіріп алуға қабілетті тау жынысытардың барша мүмкіндіктерін саралай отырып, мұнай, немесе газ жатындарының қалыптасу және орналасу заңдылықтарын анықтау мақсатында жасақталатын карта. Бұл карталар әдетте стратиграфиялық шкаланың бір ғана бөлімі көлемінде жасақталады, сирегірек тау жынысы қимасының бөлімінен қомақтырақ немесе кішірек бөліктерін де қамтуы мүмкін. Қалай болғанда да, сөз болып отырған картада қамтылған қима бөлігі мұнай және газ геологиясы тұрғысынан дербес те бірегей литологиялық-стратиграфиялық кешен дәрежесінде оқшаулануы тиіс. Картаның масштабы оны жасақтауға кажетті материалдардың жеткіліктілігімен және толықтығымен анықталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}