Мұнайгаздылықты шөгіндену жылдамдығы тұрғысынан болжау әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгаздылықты шөгіндену жылдамдығы тұрғысынан болжау әдісі. Мұнай және кірігу дәрежесін көлемдік-статистикалық тұрғыдан болжау әдісінің жеке түрі. Түзілімдену жылдамдығы шөгінді тысқа тиесілі таужыныстар көлемін сол шөгінділердің калыптасу уақытына қатынасы көмегімен есептеліп шығарылады. Әдіс мұнайлы-газды алаптарды игерудің алғашқы сатыларын сипаттауға және түзілімдену жылдамдығы бірқалыпты алаптар мүмкіндігін анықтауға ғана қолданылады. Жер шарындағы ірі-ірі 23 мұнайлы-газды алаптарға тиесілі материалдарды саралау нәтижесінде И.И.Нестерев пен В.В.Потеряева Q=3,71W-6,482 теңдеуін есептеп шығарған, мұндағы; Q — көмірсутектердің бастапқы мүмкін ресурстары, млн т өлшемімен; W - түзілімденудің көлемдік жылдамдығы. км3/млн жыл есебімен. Сөз болып отырған әдіс мұнай және газ жатындарының мүмкін ресурстары дәрежесін шамалауға ғана мүмкіндік береді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}