Мұнайгаздылықты көлемдік-теңдестік тұрғыдан болжау әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгаздылықты көлемдік-теңдестік тұрғыдан болжау әдісі. Табиғи жерасты қорқоймасы көлемі мен осы қорқоймаға табиғи жағдайларда жинақталған мұнай және газ массалары көлемінің арасындағы теңдестікті (байланысты) анықтауға негізделген жатындардағы көмірсутектер қорын бағалау әдісі. Негізгі нысандар ретінде әр түрлі мұнайлы-газды жүйелер, яғни алаптан бастап жекелеген жатындарға дейінгі аралықтағы аудан бірліктері алынады. Табиғи қорқоймалардың көлемі өз өңіріне көмірсутектердің жылжып келуі, жинақталуы және сақталуы мүмкін болып табылатын бүкіл жинауыштар жиынтығының көлеміне сәйкес келеді деп есептеледі. Әдіс Q=103Vpjg тендеуін пайдаланады, мұндағы: Q - аудан бірлігіндегі кенорын қоры; Vp — табиғи қорқоймалардың көлемі, км3; j - көмірсутектердің концентрация коэффиценті; g — көмірсутекгер жиынтығының орташа тығыздығы, г/см3.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}