Мұнайгаздылықты болжау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайгаздылықты болжау.

  1. "Болжамдық бағалау" мақаласын қараңыз.
  2. Мұнай мен газға деген геологиялық барлау жұмыстары аймақтық сатысының алғашқы кезеңі; шөгінді алап аумағын түгелімен немесе оның бір бөлігін ғана қамтиды. Бұл кезеңдегі жұмыстардың басты мақсаты алаптың немесе оның құрам-бөлігінің жалпылама геологиялық құрылысын және оның қойнауларының мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін зерттеу. Зерттеу нәтижесінде төмендегі мәселелер шешіледі: алапты құрайтын шөгінді түзілімдердің қалыңдығын анықтау, олардың кеңістіктегі өзгеріс сипаты мен зандылықтарын нақтылау; түзілімдер қимасын түрлі-түрлі литологиялық-стратиграфиялық кешендерге, құрылымдық қабаттарға және жікқабаттарға жіктеу; аталған сипаттарға сүйене отырып, жекелеген құрылымдық-фациялық белдемдерді даралау және олардың геотектоникалық даму процесінің басты-басты сатылары сипатын нақтылау; шөгінді алапты тектоникалық аудандастыру шараларын жүзеге асыру; мұнай мен газға деген мүмкіндіктері бар кешендерді және мұнай мен газ массалары жинақталуы мүмкін белдемдерді анықтау; аумақты мұнайгазгеологиялық аудандастыру, оның мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін сан және сапа тұрғысынан бағалау (мұнай мен газдың Д2 категориясына және жарым-жартылай Д, категориясына тиесілі болжамдық ресурстарын анықтау); жұмыс жүргізудің ең басты бағыттарын және болашақ зерттеулердің бірінші кезектегі нысандарын таңдап алу. Сөз болып отырған кезеңге кіретін аймақтық жұмыстардың өзіне тән кешені төмендеп шараларды кіріктіреді: аймақтық және жергілікті деңгейлерге тиесілі әуебейнетүсіру мен ғарыштық түсіру материалдарын бажайлау; геологиялық, құрылымдық-геоморфологиялық, геохимиялық, гидрогеологиялық ұсақ масштабты түсірулерді қамтамасыз ету; 1:1000000 — 1:200000 масштабтағы аралығындағы әуемагниттік және гравиметрлік түсірулерді, сол сияқты электрбарлаудың әр түрлі тәсілдерін жүзеге асыру; тіректі кескіндік түзу сызықтар жүйесінде әр түрлі сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу; әр түрлі кұрылымдыкфациялық жағдайлармен сипатталатын аймақтар өңіріндегі аталған жүйе тораптарының қилысу нүктелерінде тіректі және параметрлік ұңғымалар бұрғылау.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}