Мұз жамылғы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұз жамылғы (Ледяной покров) - жылдың суық мезгілінде мұхит, теңіз, көл, өзен, жасанды суқоймалардың айдыны беттерінде қалыптасатын және көршілес аудандардан ағып келетін мұз.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Мұндай жамылғыларды құрайтын мұздар шығуы жағынан теңіздік және тұщы болып бөлінеді. Тұщы мұздар өзендермен қалқып келеді және осы өзендер арқылы тұщыланған ағыстарда (арктикалық теңіздерде) пайда болады. Мұздықтардан (материктік) пайда болған — айсбергтер де тұщы мұздар болып саналады. Теңізде пайда болған мұз жамылғысы қату басталғаннан кейін, бірнеше сатылардан өтеді: ине мұз, қаймақ мұз, нилас мұз (қалыңдығы 1ден 10 сжге дейін), жас мұз (қалыңдығы 10 сиден 100 слгге дейін). Полярлық облыстарда мұз жамылғысының бұдан кейінгі сатылары байқалады: бір жылдық (1—2 м), екі жылдық (2,0—«2,5 м) және көп жылдық (пактық, 2,5 м-ден қалың). Бетінің түрі жағынан мұз жамылғысы тегіс және үйінді мұз болып бөлінеді. Динамикалық жағынан қозғалмайтын (жағаға қатқан) және ықпа болып екіге бөлінеді.<ref>*Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұз жамылғы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}