Мұздық жамылғылар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұздық жамылғылар (Ледниковые покровы) — тұтас мұз қалқаны түріндегі қалындығы бірнеше км (антарктикалық мұздықтың қалыңдығы >4 км), ауданы бірнеше млн. км2 болатын жер үсті мұздықтарының түрі.

Мұздық жамылғыларының қозғалыс бағыты мен дөңес калқанға ұқсаған бітімі жер бедерінен тәуелсіз дамиды. Қоректену аймағы ең биік орталық бөлігінде орналасады. Мұз осы орталықтан мұздықтың шеткі бөліктеріне радиус бойынша ағады. Мұз шығыны негізінен мұздың қайраңдық мұздықтарға ағу жолымен және мұзтаулардың опырылып бөлінуі арқылы жүреді. Қазіргі замандағы 14,4 млн. км2 мұздық жамылғылардың 85,3%Антарктиданың құрлықтық мұздық жамылғыларын құрайды, 12,1%Гренландия жамылғысы, 2,6%Канаданың Арктикалық архипелағы, Исландия, Шпицберген және т.б. арктикалық аралдар алабына бөлінеді. Плейстоценде мұздық жамылғылар Еуропаның, Солтүстік Азия мен Солтүстік Американың бірталай аумағына жайылған.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұздық жамылғылар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}