Мұздақ ботташық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Мұздақ ботташық немесе Мұз пастинакопсисі (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда биік таулардың тасты белдеулерінде өседі. Биіктігі 15 – 20 см. Тамыры жуан, мойны қатты, тармақты. Сабағы бірнешеу. Жапырақтары сабақ түбіне топталып шығады, беті тықыр, астыңғы жағы түкті. Тостағанша жапырақтары ұсақ тісті келеді, күлтесі қызғылт күлгін түсті. Гүлдері қысқа, гүлтабаны болады. Шатырша (4 – 6 гүлді) гүлшоғырына топталған. Тамызда жемістенеді. Жемісі жалпақтау өрі сопақша келген. Сирек кездесетін эндемик түр. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Мұздақ ботташық Іле, Күнгей Алатауларының эндемигі болып саналады.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub