Мүше, ағза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Body-bones2.png
Мүше, ағза.

Мүше, ағза (орган); (organum, грек, organon — құрал, орган) — өзіне тән пішіні мен құрылысы және организмде алатын орны бар, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген, бір-бірімен заңды түрде өзара байланысқан түрлі ұлпалардан (тканьдерден) құралған организмнің бір бөлігі. Адам мен жануарлар организмдерінде құрылысына сәйкес мүшелер: паренхималы, түтікше және қабатты мүшелер болып бөлінеді. Паренхималы мүшелерге — қомақты мүшелер, бездер және бұлшықеттер жатады. Олар екі бөліктен: паренхимадан және стромадан құралған. Паренхима — мүшенің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі. Оны бездерде безді эпителий ұлпасы, ал бұлшықеттерде — бұлшықет ұлпасы құрайды. Строма—мүше паренхимасы бөліктерін бір-бірімен байланыстырып, біртұтас ететін және мүшені қоректендіретін тамырлар мен оның жұмысын реттейтін жүйкелер өтетін дәнекер ұлпалық аралықтар. Паренхималы мүшелерге: өкпе, бауыр, бүйрек, бездер, көкбауыр, лимфа түйіндері т.б. жатады. Түтікше мүшелердің қабырғасы және ішінде қуысы болады. Олардың қабырғасы үш қабықтан: ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы - етті қабықтан немесе шеміршекті-талшықты қабықтан (тыныс жолдарының мүшелері — мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхтар) және сыртқы - сірлі қабық немесе адвентициядан (ас қорыту, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелерінің түтікше ағзалары) құралған. Түтікше мүшелерге қан және лимфа тамырлары да жатады. Олардың қабырғалары: ішкі - интимадан, ортаңғы — медиадан және сыртқы — адвентициядан тұрады. Түтікше мүшелер қабықтары өз кезегінде әртүрлі ұлпалардан құралған қабаттардан тұрады. Қабатты мүшелерге тері, көз қабықтары (қасаң қабық, торлы қабық, ақ қабық, та-мырлы қабық) жатады. Тері эпидермис, дерма және шел қабаттарынан құралған.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мүше, ағза|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ru:Русский tr:Organ