Мүсілім Әмзе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Толықтыру Мүсілім Балтабайлы Әмзе (1977 жылы 23 қаңтар, Келес ауданы, Түркістан облысы) — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық Отырар сазы оркестрінің дирижерлері болған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

  • 2000 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық аспаптары факультетін домбыра мамандығы және оркестр факультетін контрабас мамандығы бойынша қатар тәмәмдаған.
  • 2010 жылы консерваторияны опера және симфония дирижері мамандығы бойынша аяқтаған.
  • 2014 жылы профессор Базарғали Әжиұлы Жаманбаевтың сыныбынан «Өнертану магистрі» академиялық дәрежесін алып шыққан.
  • 2016 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторанты.
  • 2017 жылдан Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.
  • 2008-2014 жылдары А.Жұбанов атындағы РҚМММИ симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері.
  • 2008 жылы дирижер Ваг Папянның жетекшілігімен Ашдод симфониялық оркестрінде (Израиль) және 2009 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында тәжірибеден өтті.
  • 2017 жылы Мюнхен Симфоникер оркестрінде (Германия) дирижер Георг Фритш өткізген мастер-классқа қатысып, тәжірибеден өткен.
  • 2008 жылдан Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері. Токионың Персимон-Холл сахнасында өнер көрсеткен.
  • 2009 жылдан ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері. Алғашқы дебюттік концертін Израильдің Ришон ле-Зион және Ашдод қалаларында өткізді.
  • 2011 жылдан 2023 жылға дейін П. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің студенттік симфониялық және эстрада-симфониялық оркестрлерінің көркемдік жетекшісі және дирижері.
  • 2010-2012 жылдары Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері қызметін атқарды.
  • «Мәңгілік сарын» атты домбыра күйлері антологиясының (2007 ж.), «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» (2009 ж.), «Шаһнама» (2013 ж.) антологиялық жинақтарының құрастырушысы, «Қазақстанның музыкалық мұрасы», «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» (2015 ж.) антологиялық жинақтарының музыка редакторы.
  • Республикалық жас орындаушылар байқауының (Алматы, 1994), Қаршыға Ахмедияров атындағы күйшілер байқауының лауреаты (Алматы, 1996) және I Халықаралық Н. Тілендиев атындағы дирижерлер байқауының (Астана, 2008) дипломанты. М.Төлебаев атындағы республикалық «Алтын таяқша» дирижерлер байқауының (Талдықорған, 2013) лауреаты.
  • Құрманғазы атындағы студенттік академиялық халық аспаптар оркестрімен 2012 жылы «Ғасырлар пернесі», Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрімен 2012 жылы «Сырлы сарын», 2013 жылы «Сырлы саз», 2014 жылы «Аңсау», 2016 жылы «Гүлден, елім», ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен 2015 жылы «Тарихын тасқа таңбалап» атты жеке концерттері өткен.

Марапаттары

  • «Құрмет» ордені (2023)<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер