Мүсілім Құмарбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүсілім Құмарбекұлы 1939 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданына қарасты Шымқора селосында дүниеге келген. 1964 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Сол жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») ғазетінде қызмет істеді. Қазір «Ақ Ертіс» — «Иртыш» деген қазақша-орысша шығатын әдеби, мәдени журналда редактордың орынбасары.«Алтайдың ардагері», «Қыз күлкісі», «Асау Ертіс», «Шынар», «Алтайым — алтын бесігім», «Жастық жағалауы» атты кітаптары бар. 2003 жыл «Фолиант» баспасынан «Жар жағасындағы үй» деген повестер жинағы, «Базальт» баспаханасынан «Тауқымет» атты романы жарық көрді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}