Мүсілімбай Дайырбеков
Мүсілімбай Дайырбеков (28.9.1938 ж. т., Төле би ауданы Көксаяқ ауылы) – жоғарғы категориялы стоматолог-дәрігер. Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1974). Қазақстанның құрметті стоматологі. К.Циалковский атындағы космонавтика академиясының кеңесшісі.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Алматы медицина училищесін (1960), Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген (1967). 1960 жылдан Алматы облысы Панфилов және Балқаш ауданы ауруханаларында тіс дәрігері болып еңбек еткен. 1967 – 1999 ж. ғ1 қалалық стоматологиялық емханада дәрігер, орталық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, ғ2 қалалық стоматологиялық емхананың бас дәрігері. 2000 жылдан «Шипа-Дент» стоматологиялық емханасының директоры. С.Королев атындағы медальмен (1974), «Денсаулық сақтау ісінің озаты» белгісімен (1979), «Құрмет» орденімен (2001) марапатталған. Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті. М.Х. Дулати атындағы қордың президенті. Германияда, Кореяда, Мексикада, Малайзияда және басқа елдерде өткен дүние жүзі стоматологтарының конгрестеріне қатысқан..<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>