Мүслім Оңдағанұлы Оңдағанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүслім Оңдағанұлы Оңдағанов 1967 жылы 3 сәуірде Орал облысы, Тайпақ ауданы, Қызылжар кентінде туған. Қазақ. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт және дене шынықтыру факультетін (2002) дене шынықтыру және спорт мұғалімі мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан инженер-технологиялық университетінің қаржы факультетін (2005); Қазақ-орыс халықаралық университетінің заң факультетін (2007) бітірген. «Ақжайық саңлақтары» (2004), «Тайпақ ауданы» (2008) тарихи-деректі кітаптардың; республикалықжәне облыстық басылымдарда жарияланған мақалалардың авторы. Самбодан Қазақстан Республикасы спорт шебері. Қазақша күрестен Қазақстан Республикасы спорт шебері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1985 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1987 жылдан - Тайпақ ауданы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, 1989 жылдан - директоры. 1993 жылдан - Қазақстан Республикасы Самбо федерациясы жанындағы Қазақстан Республикасы Самбо күресінен жастар арасындағы құрама командасында аға жаттықтырушы. 1998 жылдан - Қазақстан Республикасы Самбо федерациясының президенті (Алматы қаласы). 2002 жылдан - Батыс-Қазақстан облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы. 2005 жылдан - Батыс-Қазақстан облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы. 2008 жылдан - Орал қаласы әкімінің орынбасары. 2009 жылдың наурызынан - Самбо күресі бойынша Қазақстан Республикасы Федерациясының президенті (Орал қаласы). 2009 жылдың қазанынан бері - Батыс Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. «Құрмет» орденімен (2008); «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008), «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері» белгісімен (2005) марапатталған. Самбо бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1997). Еркін күрес бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2008). «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» (2005) белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы самбодан Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1997). Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық саяси жүйе; дамыған экономикалық инфрақұрылым; дүниежүзілік экономикалық жүйеге бірігу; халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеру; жоғары халықаралық имидж». Хоббиі - спорт, музыка, кітап оқу, аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи көркем әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Отарбаева Ләззат Жетебайқызы, «Батыс Қазақстан ТЭК» АҚ жоспарлау және бағаның құрылу бөлімінің бастығы. қыздары - Оңдағанова Кәмилә Мүслімқызы (1999 жылы туған); Оңдағанова Әнел Мүслімқызы (2007 жылы туған), Оңдағанова Әлмина Мүслімқызы (2009 жылы туған).


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мүслім Оңдағанұлы Оңдағанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}