Мүрсейіт Бікеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүрсейіт Бікеұлы (1860, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 1917, сонда) –Абай шығармаларын жинап, көшіруші, насихаттаушы. Семейде орыс мектебінде, кейін Бұхарада білім алған. Семей оязының кеңсесінде тілмаш әрі писарь, мектепте мұғалім болған. Абай оны ауылына алдырып, бала оқыттырды. Мүрсейіттің балаларға жазып берген “Жарапазан” өлеңін оқыған Абай оған өз өлеңдерін жинап, жазып жүруді тапсырған. Абай өлеңдері 5 дәптерге жазылып алынған, екеуі Қазақстан Ұлттық кітапханасының қолжазбалар қорында, біреуі “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығында сақтаулы. Абайдың Семейдегі мемлекеттік әдеби-мемориалдық қорығында дәптерлердің фото-көшірмелері бар. 1909 жылы Абайдың тұңғыш жинағын даярлау кезінде ол Тұрағұл мен Кәкітайға көп көмек көрсеткен. Абай шығармаларының түпнұсқасы сақталмағандықтан, Мүрсейіт қолжазбалары негізгі нұсқа саналады. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мүрсейіт Бікеұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}