Мүрделітөбе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

МүрделітөбеҚазақстандағы ежелгі бекініс орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданына қарасты Билікөл ауылының жеріне орналасқан.

Сипаты

Мүрделітөбе мекенін 1938 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген.
Мүрделітөбенің қазіргі көрінісі – үсті жалпақтау келген төбе. Мүрделітөбе үстінен жинап алынған қыш құты, керсен, күбі сынықтарына, олардың жасау тәсілдері мен формаларына қарағанда, мекен тұрғындарының VIII-XII ғасырларда өмір сүргендігі байқалады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер