Мүратбаш Бекеев
Мүратбаш Бекеев<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1958 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстанда туған. 1980 жылы Нөкіс Мемлекеттік университетінің орыс тілі және әдебиет факультетін, 1991 жылы Нөкіс ауыл шаруашылық техникумын тамамдаған.
Жұмыс баспалдағы
1980—1994 жылдары Қарақал-пақстанның Беруни ауданының мектептерінде орыс тілі және әдебиетінің мүғалімі, 1994 жылдан Ташкенттеғі «Нұрлы жол» газетінде тілші, Өзбекстан Қазақ Ұлттық мәдени орталығында кеңесші, «Қазақ елі» газетінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі, 2001—2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық «Сарыағаш» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2006 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің Сарыағаш ауданындағы меншікті тілшісі. Сарыағаш ауданындағы Т.Айбергенов атындағы әдеби бірлестікке жетекшілік етеді.
- «Сұлулық сыры» (1999), «Махаббат мекені» (2005), «Аруана-ғұмыр» (2006) сияқты жыр жинақ-тарының авторы.
Дереккөздер
<references/>