Мінуар Әкімханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мінуар Әкімханов (17.10.1943) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген. 1970 - 95 ж. Алматы облысы Райымбек ауданындағы "Хан тәңірі" (бұрынғы "Солтүстік шекара") газетінде тіл­ші, бөлім меңгерушісі, 1996 - 97 ж. "Санат" баспасында редакторлық қызмет атқарды. 1998 жылдан "Қазақ елі" газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді. "Тұңғыш" (1978), "Шалқия" (1981), "Жырға сапар" (1984), "Жалғыз арша" (1998), "Айғайтас" (2004) өлең кітаптары жарық көрген. Әдебиеттің әр алуан мәселелері жайында жазған "Жер басып жүргеніңнің өзі - ырыздық" және "Айтып өлген ақында арман бар ма?" атты сыр-сұхбаты сыншы-ғалым З.Серікқалиұлының "Алтын жамбы" (2003) атты кітабына енген.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}