Мэнсон Чарльз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мэнсон Чарльз (Manson, Charles) (туғын жылы 12 қараша 1934 жыл, Цинциннати, Огайо штаты, АҚШ) — американдық діни көшбасшы әрі көп адамды өлтіруші. <ref> Britanica настольная энциоклопедия.Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT), ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)</ref>.

9 жасынан бастап уақытының көп бөлігін штаттың түзеу мекемелерінде өткізген, алдымен жасөспірімдер колониясында болған, кейін түрмеде отырған. 1968 жылға таман Лос-Анджелестегі «Семья» атты діни қауымдық табыну ұйымының көшбасшысы болады, ол ұйымның мақсаты – шоғырлас емес, діни Мэнсон ілімін өмірде зерттеу және орындау.

1969 жылы «Семья» мүшелерін актриса Шарон Тейт және оның күйеуі Р.Полански жалға алған үйге жібереді; олар Тейт пен оның 5 досын, басқа жерде тағы үш адамды өлтіреді. Мэнсон және оның төрт ізбасарларының ісін қозғау 1971 жылы ұлттық деңгейде өзіне назар аудартты. 1972 жылы Калифорнияда өлім жазасы алынып тасталғандықтан, өлім жазасын өмір бойы түрмеде өткізу жазасына ауыстырды.

Мэнсонның қылмысы Мэнсон ісі бойынша сот процесіндегі прокурор болған Винсентом Буглиозидің жазған "Heller Skelter: Правда о Чарли Мэнсоне» (1974) атты бестселлерінің сюжетіне арқау болды.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}