Мэлс Азыйұлы Қосымбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Жазушы Мэлс Қосымбаев<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (Жетісай ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 1970 жыл) — кеңестік және қазақстандық ақын, филология ғылымдарының кандидаты (1999).
Мектепте оқып жүрген кезінде аудандық, облыстық ақындар айтыстарына қатысты. 1990 жылы 3-республика ақындар айтысының, 1996 жылы өткен Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысының және 2001 жылы Республика тәуелсіздігінің он жылдығына орай өткізілген айтыстың бас жүлдегері.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
- ҚР Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері;
- Орал педагогика институтын (1992) бітірген;
- Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1988–2006);
- 2006 жылдан Маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді;
- Қосымбаев – Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айтулы суырып салма айтыс ақындарының бірі.
Марапаттары мен атақтары
- Республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері (1988–2007)<ref>Жұлдыздар отбасы. Мэлс Қосымбаев. juldyz.kz</ref>
- 2001 (10 желтоқсан) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалі
- 2004 (14 желтоқсан) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы халық шығармашылығы номинациясы бойынша<ref>Вручены Госпремии РК 2004 года в области литературы, искусства и архитектуры. nomad.su</ref>
- Қазақстанда алғаш өткізілген «Айтыс» Қазақстан чемпионатының (2007) бас жүлдегері;
- 2007 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстанның мәдениет қайраткері» құрмет төсбелгісі — мәдениет пен өнердегі жетістіктері үшін
- 2015 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» ордені<ref>100 жаңа есім.МЭЛС ҚОСЫМБАЕВ.100janaesim.ruh.kz Үлгі:Webarchive</ref>.
- 2021 (2 желтоқсан) «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді