Мыңшұңқыр жотасы
Үлгі:Тау Мыңшұңқыр жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік-батысындағы шеткі жота.
Мазмұны
Географиялық орны
Жетісу облысы Ескелді және Ақсу аудандандары жерінде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2829 м. Қора өзенінің оң жағалауын бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр.
Геологиялық құрылымы
Палеозойдың герцин тау жасалу кезеніңде пайда болған. Геологиялық құрамы жөнінен гнейстерден, кварцтер мен әктастардан тұрады, шығысқа қарай бұларға магнит араласады.
Климаты
Климаты қоныржай континенттік. Жауын-шашын мөлшері қыс айларында 150-200 мм, ал жаз айларында 300-400 мм. Жел қыста негізінен солтүсітік-шығыс, ал жазда солтүстік және оңтүстік бағытқа қарай соғады. Етегіндегі шөлдің сұр топырағы биіктеген сайын таудың қызғылт қоңыр, ал 2500 м-ден жоғары таудың орманды қара қоңыр топырағына ауысады.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Өсімдіктерден жусан, тянь-шаньдық шалғын, селеу аралас бетеге, 2000 м-ден жоғары қарағай мен самырсын өседі. Жануарлардан борсық, түлкі, сілеусін, қоян өмір сүреді.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>