Мысыққұйрық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Мысыққұйрық (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.

Өсетін жері, түрлері

Қазақстанның сортаңды-шөлді жерлерінде, өзен, көл және жылғалардың жағалауында өсетін 3 түрі: Жасық мысыққұйрық (Polypogon demіssus), Теңіз мысыққұйрық (Polypogon marіtіmus) және Монпель мысыққұйрық (Polypogon monspelіensіs) бар.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 3-40, кейде 60 см-ге жетеді.
  • Бұтақталған сабағы болады.
  • Жапырағы қандауыр пішінді.
  • Гүлі қос жынысты, олар масақ гүлшоғырына топтанған.
  • Мамырмаусым айларында гүлдейді. Мысыққұйрықты ерте көктемде мал жақсы жейді. <ref>Қазақ энциклопедиясы , 6 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер