Мысыр баспасөзі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мысыр баспасөзі<ref>Рамазан А. Шетел журналистика тарихы: Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті 2006 жыл. ISBN 9965-30-054-2</ref>

XVIII ғасырда Мысырға Франция мен Англияның көз тіккені тарихтан мәлім. Мысыр жеріне француздардың табаны тиген уақыттан бері олар газет шығару ісін қолға алған.

Алғаш рет 1789 жылдың 29 шілдесінде әскери үкіметтің ресми органы ретінде «Курье д Эжипт» газеті дүниеге келген. Басылымда француз армиясының әскери іс-қимылдары,Франциядағы жаңалықтар басылған. Редакторы Жан-Батис Жозеф Фурье болған. Осы жылдың 24-қарашасында «ЛяДекадЭжипьсен» журналы шыққан.

Басылым беттерінде әдеби, экономикалық, әлеуметтік мәселелер жарияланып тұрған. 1801 жылы француз экспедициялық корпусы Францияға қайтты да, өздерімен бірге барлық құрал-жабдықтарды ала кеткен. Осыдан кейін газет шығару ісі 20 жылдай уақыт бойы тоқтап қалды. 1819 жылы Каирде баспахана салынып, нәтижесінде алғашқы басылым «Гурнал әл-Хедив» шыға бастаған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}