Мырзағұл Панаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Панаев Мырзағұл <ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> -(1929 ж. т., Түпқараған ауданы, Бөрліген қонысы – 1998, Алматы) – домбырашы. Жас кезінен домбыра тартуға әуестенген. Домбырамен күй тартуды ағасы Қалдаяқ Панаевтан үйренді. Күйшілер М.Өскенбаев пен Ш.Ыбырайымұлын өзіне ұстаз тұтып, көптеген күйлерді үйренеді. Зауытта жұмыс істеп жүрген кезінде мәдени вагондар мен қызыл отаулардағы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады, басқалармен бірге темір жол бойындағы еңбеккерлерге барып, концерт беріп, ойын-сауық кештерін ұйымдастыру ісіне ат салысады. 1954 ж. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, кейінірек Қазақконцертте жеке домбырашы болып жұмыс жасады. Ол концерттік бригадалар құрамымен Қазақстанның барлық дерлік өңірінде өнер көрсетті. Күйші-композиторлар Есірдің, Өскенбайдың, Мұраттың, Қоңырдың, сонымен қатар Құрманғазы, Дәулеткерей мен Динаның күйлерін насихаттады. <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мырзағұл Панаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}