Мырзахметов Кәмәли

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мырзахметов Кәмәли Мырзахметұлы (1918, Көкшетау уезі, Базарбек ауылы– 2004) – қоғам қайраткері. 1938 – 45 жылы Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Солтүстік-батыс, 2-Белорусь, 1-, 2-Украин майдандарының құрамында Орша, Могилев, Витебск, Бердичев қалалары бағытындағы «Багратион», т.б. әскери операцияларға, Польша, Венгрия, Австрия жерлерін жаудан азат ету үшін жүргізілген шайқастарға қатысқан. Жеңісті Чехословак жерінде қарсы алды. Еңбекшілдер ауданы атқару комитетінің төрағасы (1946 – 49), Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (1949 – 51), Қызылту ауданы партия комитетінің 2-хатшысы (1951 – 53), Қызылту ауданы атқару комитетінің төрағасы (1953 – 61), Көкшетау облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы (1961 – 73), Көкшетау облысы атқару комитетінде бөлім меңгерушісі (1973 – 78), мұрағат бөлімінің меңгерушісі (1978 – 85) қызметтерін атқарды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде «Қызыл жұлдыз», 1-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Венаны алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталса, бейбіт өмірде Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен және көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан КП 10-съезінің, КСРО кәсіподақтарының 14 – 15-съездерінің делегаты.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мырзахметов Кәмәли|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}