Мырзалы қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Мырзалы қалашығы (XII-XIV ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан.
Зерттелуі
Ескерткішті 40-50 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) зерттеген, 2005 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.
Сипаты
Қалашық үш қамалдан, жүзден астам үйлер мен шеберханалардан тұрады.
Бірінші қамал шаршылау пішінді, өлшемдері 45х40 м, биіктігі 2 м. Кіреберіс қақпасы шығыс қабырғада орналасқан.
Екінші қамал шаршылау пішінді, өлшемдері 50х50 м, биіктігі 2 м. Бекініс қабырғасының кейбір жерлері қираған.
Үшінші қамал шаршылау пішінді, өлшемдері 20х15 м, биіктігі 1,5 м.
Қалашықтың айналасында суландыру жүйесінің қалдықтары сақталған. Үстінен артефактілер жиналып алынды.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>