Мырзалиева Марпуға Мұғалқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мырзалиева Марпуға Мұғалқызы1941 жылы 23 шілдеде Саратов облысы, Наталин Яр совхозында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Сол совхозда онжылдық мектепті бітіріп, бухгалтерлік курсты оқиды.

  • 1959-1962 жылдары бухгалтер болып қызмет істеген.
  • 1962 жылы отбасылық жағдайына байланысты Қостанай облысы, Жетіғара қаласына ауысады. Стандартты емес құрал-сайман жасайтын зауытта тауарды қабылдаушы және өткізуші мастер болып жұмыс істейді.
  • 1968 жылы Алматы қаласындағы №2 қалалық баспаханада түптеу цехында жіппен тігетін машинада істейді.
  • 1974 жылы №2 баспахананың негізінде «Кітап фабрикасы» болып қайта құрылуына байланысты (қазіргі «Дәуір» баспасы) түптеу цехының «Джет-Биндер» учаскесінде мастер болып қызмет атқарады.

Марпуға Мұғалқызының осы өндірісте атқарған еңбектері бағаланып Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Еңбек ері» медалімен марапатталды. «Алтын қол – шебері» атағы берілген. Қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}