Мушахада

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мушахада - көру, куә болу, перденің ашылуы, тамашалау, қызықтау деген мағынаны білдіреді. Сопылықта Хақтың көңілде орын алуы. Жүнейд Бағдади Мушахадаға «жолшының өзін жоғалтып, хақты табуы» - деп анықтама берген. Нақшилер рухани көңіл мен фәни әлемдегі жоғары рух хәлдеріне де мушахада дейді. Сопылық философиясындағы ең маңызды «уахдати шуһуд» теориясы да өз анықгамасын осы ілімге негіздеген. Салиқтің барлық болмысты тәңірдің көрінісі ретінде қабылдауы, хақтан басқасын көре алмау халі. Бұл хал де салик, фана халінде болады, өзін көре алмағандықтан да, мәжһүр Мансұр Халлаж сияқты «Ана ал-Хақ» (Мен Анықпын) дейтін дәрежеге жетеді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub