Мультипольдық сәулелену
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мультипольдық сәулелену<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – электрлік зарядталған бөлшектер жүйесінің электрлік немесе магниттік моменттерінің өзгерулері кезіндегі электрмагниттік сәуле шығаруы. Шығарылатын фотон иеленетін импульс моментіне сәйкес дипольдік (l=1), квадрупольдік (l=2), октупольдік (l=3), т.б. ажыратылады. Ең қарқынды сәулелену – электрлік дипольдік (немесе дипольдік), одан қарқыны азырағы – магниттік дипольдік (немесе магниттік) және электрлік квадрупольдік (немесе квадрупольдік) сәулеленулер; ал қарқыны одан да азырағы магниттік квадрупольдік және электрлік октупольдік сәулеленулер болып табылады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
<references/>