Музыкалық лексикография

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Музыкалық лексикография<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – музыкалық сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалық басылымдар жасау және олардың ара қатынасының теориясы мен практикасы. Мазмұндық жағынан олар әмбебап (универсалды) және салалық болып бөлінеді. Мәтіндер көбіне алфавит бойынша орналасады. Ондағы жазылған мақалалардың көлеміне байланысты энциклопедияға не энциклопедиялық сөздікке жататыны анықталады. Алғашқы анықтамалық басылымдар – терминологиялық сөздіктер, музыкалық театрлық түсіндірме, орындаушылық әдістер, музыкалық аспаптар жөнінде болғаны белгілі. 18 ғ-да терминологиялық сөздік құрастыру дәстүрін Т.Яновка, С. де Броссор, Дж.Грассино, Ж.Ж. Руссо дамытты. 19 – 20 ғ-ларда өмірбаяндық, салалық және тақырыптық сөздіктер мен анықтамалықтар кеңінен өріс алды. Бұл салада Қазақстанда А.Жұбанов, Б.Ерзакович, Б.Ғизатов, Қ.Жүзбасов, Ж.Рсалдин, Ө.Байділдаев, М.Ахметова, З.Қоспақов, Н.Кетегенова, П.Момынов, т.б. музыка зерттеушілер еңбек етті.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub