Моңғол-алтай тау жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Моңғол-алтай тау жүйесіАлтай тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігі; Моңғолия және Қытай жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1000 км-ге созылған, ені 300 км-ге (солт.-батысында), 150 км-ге (оңтүстік-шығысында) дейін. Биіктігі 4204 м-ге дейін (Мунх-Хайрхан-Ула тауы). Негізінен палеозойдың кристалдық тақта тас, порфир, порфирит және граниттерінен түзілген. Тектоникалық аңғарлармен бөлінген параллель жоталардан тұрады. Жота шыңдары тегістелген, жұмырланған. Жазда ерімейтін қар мен мұздың ауд. 810 км2 (кей деректерде 300 км2-дей). Қарлар мен аспалы мұздықтар (ең ірісі – Потанин мұздығы) көп кездеседі. Оңтүстік-батыс беткейі ылғалды, орманды-шалғынды келеді. Етегі дала, ал жоғарғы бөлігін альпілік шалғын алып жатыр.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Моңғол-алтай тау жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}