Мореналық жер бедері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мореналық жер бедері – мұздықтар әсерінен пайда болған аккумуляттық жер бедері. Жазықтағы Мореналық жер бедері бірнеше түрге ажыратылады: төбелі ойыстық жер бедері (аралығында көлшіктер жиі кездесетін, ретсіз топталған белестер), мореналық жазық (негізінен моренадан түзілген тегістік), шеткі мореналық қырқалар жер бедері (аралығы аңғар тәріздес ойыспен, кішігірім өзен-көлмен бөлінген, қатар жатқан және көбіне доғаша иілген қырқалар тобы), друмлиндік жер бедері (бұрынғы мұздықтардың жылжу бағытына қарай созылған, аса биік емес сопақша төбелер шоғыры). Таулы өлкеге жағалық морена, шеткі морена қыр-қасы, сондай-ақ ретсіз топталған төбелі-ойысты мореналық жер бедері тән.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub