Монцонит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Монцонит (Италиядағы Монцони тауы атынан шыққан) — тереңде қалыптасқан ашық кристалды, сұр түсті, магмалық тау жынысы. Монцонит калийлі-натрийлі дала шпатынан (30 – 35%), плагиоклаздан (30 – 35%), түсті минералдардан (30 – 35%) тұрады. Монцониттегі калийлі-натрийлі дала шпаты көбіне орто-клаздан, плагиоклазды лабрадордан, түсті минералдары негізінен авгиттен, кейде қоңыр амфиболдан немесе биотиттен тұрады. Құрамы жағынан габбро мен сиенит арасынан орын алады. Монцониттегі плагиоклаз кристалдары ортоклазға қарағанда аса идиоморфты (дұрыс пішінді) болып келеді.

Ортоклаз басқа минералдардан әлдеқайда ірі және олардың аралығын белгілі пішінсіз түйіршіктер құрайды. Монцонит габбро мен сиенит массивтерінде, олармен алмаса келе кіші-гірім денелер (дайка, шток, т.б.) түзеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Монцонит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}