Моногенез теориясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Моногенез теориясы орысша теория моногенеза (Үлгі:Lang-el бір, genesis шыққан тегі)— адамзат тілінін бір тектен шыққаны туралы теория. Моногенез теориясы алдында адамзат әуелде бір тілде сөйлеген деген әр түрлі мифологиялық, діни аңыздар болған. 20 ғасыр басында әр түрлі тіл семьяларын салыстыра зерттеу жетістіктерін жинақтау кезеңі басталды. А. Тромбетти (Италия) алғаш рет ғылымда белгілі тіл семьяларын неғұрлым ірі топтарға (макросемья) біріктіріп, оларда лексикалык байланыс барлығына карап моногенез теориясын колдаған. Н. Я. Маррдың дүние жүзіндегі тілдер төрт әлементтен (сап, бер, йон, рош) шыққан деген теориясы да моногенез теориясының бір түрі болып табылады.

20 ғасыр 60 жылдары М. Сводеш (АКШ) тілдердің микро-макросемьяларын салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, Тромбеттти идеясына жақын идея ұсынды. Глоттохронология теориясының негізін салган Сводеш тілдердің макросемьяларынын арасында байланыс бар деп есептеп, Моногенез теориясын қолдаған. Қазіргі кездегі зерттеу әдістері тілдердін 10 мың жылдан арғы тарихын ашуға мүмкіндік бермейтінін байкатты. Моногенез теориясының бірден-бір ғылыми негізі — тегі бір деп саналатын тілдердін макросемьяларының, одан соң бүкіл әлем тілдерін біріктіретін семьяның бар екенін дәлелдеу идеясымен байланысты. Сайып келгенде, моногенез теориясы алғашкы Homo Sapiensо-ның Sapiens тілі болуы мүмкін деген көзқараспен ұштасып жатыр. Моногенез теориясын жақтаушылармен қатар, оны жоққа шығарушылар да бар. Моногенез теориясын дәлелдеу қаншалыкты қиын болса, оны жоққа шығару да соншалықты қиын.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9</ref>

"Моногенез теориясы" ғылымы емес, әртүрлі ауыздык, және діни ілімдерінде айтылғандай, әуелде адамзат баласы бір тілде сөйлеген. (Бабылдағы тілдердің араласып кетуі туралы аңыз, көне гректің Эдип туралы аңызы, Шумерлік аңыз т. б.). Ежелден келе жатқан аңызға сүйенсек, онда көне еврей тілінен барлық тілдер тараған деп айтылады. XX ғ. басында әлемдегі тілдерді салыстыру басталды. А. Тромбетти бірінші болып тілдерді ірі топтарға біріктірді, олардың бір тілден тарау мүмкіндігін тілге тиек етті. "Моногенез теориясының" бір түрін Н. Я. Марр ұсынған еді. Ол алғашқы қоғам адамдарының тілінде төрт тілдік элемент (сал-бер-йон-рош) болғанын айтты. Осылардың негізінде басқа сөздердің барлығы жасалуы тиіс дейді, бірақ бүл гипотеза дәлел- денген жоқ. XX ғ. 60-ж. М. Сводеш А. Тромбетти идеяларына жақын, бірақ классикалық салыстырмалы-тарихи әдістерді қолдана отырып, "Моногенез теориясы" нұсқасын үсынды. М. Сводеш глоттохронологияның негізін қалаушы деп есептеледі. Ол қазір қолданатын глоттохронологиялық әдістер тілдердің 10 мың жылдық тарихын аша алды. Егер антропологтардың айтуынша, адамзат баласы жер бетінің бір бұрышында ғана пайда болса, адам моногенезі болған жағдайда, тіл моногенезі де болуы мүмкін.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}