Момбекұлы Темірхан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Момбекұлы Темірхан1953 жылы 27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы, "Мақтаарал" аудандық газетінде бөлім меңгерушісі, Алматы облысы, Талғар аудандық "Алатау жұлдызы" газетінде аудармашы, "Мектеп" баспасында, Қазақ теледидарында редактор болып істеген. Қазір Қазақ радиосында редактор-стилист.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

"Қуанышы көп күндер" (А., "Жалын", 1981), "Күміс велосипед" (А., "Мектеп", 1982), "Әдемі қызды" жігіті" (А., "Жалын", 1983), "Ғашықтық жөні бір басқа" (А.,"Жалын", 1988) сынды әңгіме, повесть жинақтарының, "Тағдыр" (А., 2000), "Көшетіңнен айналайын" (А.,"Айкос", 2001) атты публицистикалық кітаптар мен "Босқындар", "Құсшы-Қаражон" радиопьесаларының авторы. "Талқы" әңгімесі үшін 1992 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің лауреаты болған.

Дереккөздер

<references/> 

Үлгі:Суретсіз мақала