Молшылықова Гүлмира Мырзабекқызы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Молшылықова Гүлмира Мырзабекқызы — 1968 жылы туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>
«Атамұра» Полиграфия комбинаты басу цехының бастығы. 1985 жылы №5 Алматы полиграфия училищесін, 1993 жылы Ташкент полиграфия техникумын, 2002 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды бітірген.
1985-2005 жылы Полиграфкомбинатта түптеуші, пішімдеу цехының мастері, пішімдеу цехы бастығының орынбасары, ОТК-нің жетекші инженері, пішімдеу цехының бастығы болып еңбек етті.
2005 жылдан «Атамұра» полиграфия комбинаты басу цехының бастығы. Г.М. Молшылықова – баспа өнімдерінің сапалы, анық таайшықты басылуына өзіндік үлес қосып келе жатқан білікті маман.
Дереккөздер
<references/>