Молла Ахмет әл-Женди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Молла Ахмет әл-Женди (туған-өлген жылы белгісіз) – ортағасырлық діни ғұлама. Сыр бойындағы Жент қаласында дүниеге келген. Ғылыми-діни трактаттар жазған. Бізге оның 4 түсіндірме кітабы жетті. Алғашқысы «Ан-Насафидің «әл-Ақиадына» жасалған түсіндірмеге түсінік» («Хашийа ала шарх әл-Ақиад ан-Насафийа») деп аталды. 1594–96 жылдары қайта көшірілген еңбек Ресей ғылым академиясының Қолжазба қорында сақтаулы. Сондай-ақ, Адуд әд-Дин Абд ар-Рахман бин Ахмет әл-Иджидің (1281–1355) «Әдаб әл-бахс» атты туындысын толығырақ түсіндіру мақсатында «Пікірталас өнері жайлы түсіндірмені» жазған. Бұл еңбектің де 1567–68 жылдары көшірілген нұсқасы ғана сақталған. «Рисала фи адаб әл-бахс» немесе «Әдаб ас-Самарқанди» (авторы ибн Хұсейн ас-Самарқанди) аталатын, «Хашийа ала хашийа әл-Журжани ала шарх ар-Рази ала шамсийа» деген екі еңбекке түсінік жазды. Оның 34 беттен тұратын тағы бір түсіндірме кітабы «Шарх рисала фи-т-таухид» аталады.<ref name="test">Сыр елі энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Молла Ахмет әл-Женди|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}