Модуль (математика)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

МОДУЛЬ

МОДУЛЬ (латынша — өлшем) — кез келген объектінің сан түріндегі сипаттамасы.

Ауысу модулі

Ауысу модулі — негізгі <math>~a</math> логарифмдер жүйесінен негізгі<math>~ b</math> логарифмдер жүйесіне ауысу (көшу) кезінде логарифмдер көбейтілетін <math>~M = \frac{1}{log_{a}b}</math> саны; ондық логарифмнен натурал логарифмге ауысу (көшу) кезінде М = <math>~\frac{1}{log e} = 2, 30258...</math>, ал натурал логарифмнен ондық логарифмге ауысу кезінде<math>~ M = \frac{1}{ln 10}=0,43429...</math> болады.

Комплекс санның модулі

Комплекс санның модулі- <math>~|Z| </math>белгісімен өрнектелетін және <math>~|Z| = \sqrt{x^2 +y^2} </math>(мұндағы <math>~x, y</math> — нақты сандар және <math>~2</math>-тің жорымал бөлігі, яғни <math>~2 = x + iy</math> формуласымен анықталатын теріс емес сан (оң сан немесе нөл). Нақты санның модулі — <math>~|a|</math> белгісімен өрнектелетін, <math>~a > 0</math>болған жағдайда <math>~a</math>-ға тең, ал <math>~a < 0</math> болса, — <math>~a</math>-ға тең теріс емес сан.

Салыстыру модулі

Салыстырылатын екі бүтін санның айырымы бүтіндей бөлінетін сан; "mod" болып белгіленеді; сонда <math>~a = b (mod c) </math>өрнегі <math>~a - b</math> айырымы <math>~c</math>-ға бөлінеді дегенді аңғарады.<ref>"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Модуль {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}