Модульдерді оверлейлік орналастыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Модульдерді оверлейлік орналастыру (оверлейное размещение модулей; overlay modules allocation) — программаның орындалуының алуан түрлі кезеңінде жедел жадтың сол бір аймағына программаның модульдерін орналастыру. Жедел жадтың сол бір аймағына қажеттілігіне қарай бағыныңқы программалар немесе мәліметтер бөлігі бар модульдер кезектесіп жүктеледі. Оверлейлік орналасатын модульдердің арасындағы жүктеу мен байланыстың мұндай жоспары программаның орындалуы басталмастан бұрын программалау жүйесімен статикалық түрде тағайындалады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}