Могао

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox World Heritage Site

Могао (Үлгі:Lang-zh32, «Аласаларға арналған үңгір») — Цяньфодун («Мыңдаған Буддалар үңгірі») ғибадатханалық жүйесінің ең үлкен ертебуддалық үңгірі, 353—366 жылдары Дуньхуан құратынан 25 шақырым жерде, Ганьсу провинция, Қытайда салынған. Негізгі үңгірі бойынша Могао деп аталатын Цяньфодун 492 ғибадатханаларды қамтиды, олар фрескалармен және мүсіндермен мыңдаған жылдар бойы безендіріліп келген (IV—XIV ғғ.).

Могао, Безекликтегі Мың Будда үңгірімен қатар, — Қытайдың ең көне буддалық ғибадатханаларының бірі. Оның Такла-Макан шөлінің шығысында пайда болуы кездейсоқ емес еді: бұл жерден жібек басқан керуендер өтуші еді, ал олармен бірге буддизм ілімі Қытайға енетін. Лунмэн және Юньгансекілді соңғы үңгірлік ғибадатханаларға қарағанда Могаода мүсіндер емес, фрескалық көркем өнер басым. Оның ауданы 42 000 шаршы метр. Көппішінді фриздық үлгідегі көркем өнерлер құрғақ топырақтағы ала желімдік бояулармен жасалған. Олардың көбісі үңгір қабырғаларын динамизм мен тылсымдығымен ерекшеленіп толықтай қамтыған.

Қолжазбалар

XX ғасыр басында үңгірлердің бірінде көптеген қолжазбалар табылған (20 000 жуық). Бұларды баспа кітаптары ғыстыра бастаған заманда XI ғасырда барлық қолжазбаларды осылай қоймаға жинаған болу керек. Могао қолжазбалық қоры мазмұны мен жазылған күндері бойынша әр алуан —буддалық, даостық, Несториандық және Манихейлік діни жазбалар, пәлсапа, математике, медицина, астрономия, тарих пен география, сөздіктер, халық әндері мен классикалық қытай поэзиясы,ресми құжаттар т.б. трактаттар. Могао қолжазба ескерткіштері ішінде «Сәуегейлік кітабы» — ерекше мәтін, түркілердің руникалық жазуы таста емес, қағазға жазылған. Зерттелген қолжазбалар тілдер спектрі де әр алуан —классикалық және ауызша (байхуа) қытай, тибет тілі, санскрит, пали, тангут тілі, хотан, соғды, тохар тілдері.

Бұл туралы жаңалық Еуропа әлемін елең еткізді, сөйтіп 1907 жылы ең бағалы қолжазбалар соның ішінде ең көне баспа кітабы «Алмас сутрасы» (шамамен 868 ж.), Орэл Стейн Британ мұражайына алып кеткен. Стейн артынан ғибадатханалық жүйені Франции (Поль Пеллио) және Ресей (Сергей Ольденбург) ғылыми экспедициялары да келген, әрине оларда елдеріне бос қайтқан жоқ. Қалған қолжазбалар Бейжің кітапханасына тапсырылды.

Фрескалар

Могаодағы фрескалық көркем өнер Қытайдың мыңжылдық көркем өнерінің үлгісі болып табылады. Сурет стилистикасына байланысты төртке бөлінеді:

Фрескалардың көпшілігі Буддға арналған, оның уағыздары мен джатакасынам, сонымен қатар бодхисаттва, апсара (пері), монахтарға, таза сенушілерге. Бұл суреттер көне заманда буддизм негіздерін сауатсыз адамдарға айқын көрсету үшін арналуы ықтимал. Көптеген жазбалары буддизм таралу тарихының көптеген оқиғаларын дәл сипаттайды.

Барлық 492 үңгірлерде әдемі ұшатын апсарлардың (фэйтянь 飛天) бейнелері суреттелген. Олар ән шырқайды, әдемі билейді, музыкалық аспаптарда ойнайды, уағыз айтып бара жатқан Будданы қолдап гүл лақтырады. Перілерде қанат жоқ, бірақ ауада ұшуларына әр түсті жолақтары оларға ұшуға көмектеседі.

Басқа жазбалары күнделікті өмірге арналған: императордың салтанатты шығуы, шетел елшілері тойда, қытай мен батыс саудагерлері кездесуі, жаунгерлер жарыстары, музыканттар өнері, үйлену салтанаты, аңға шығу тақырыбы, балық аулау, ауылшаруышылық жұмыстары. Фрескалар әр халықтың әдет ғұрпы мен киімдерін, және әр әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін де суреттейді.

Галерея


Сілтемелер

Үлгі:Commons


Үлгі:Coord