Миға қан құйылу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Миға қан құйылу. Қарт адамдарда есінен танып қалу немесе миға қан құйылу мида қан бітелуі пайда болуынан және ми ішіндегі қан құйылудан болады. Адамның қан қысымы көтеріліп, қан тамыры зақымдалады. Адам аяқ астынан құлайды, есінен танады. Беті қызарып, қорылдай бастайды, тамыр соғысы біресе жиілейді, біресе бәсеңдейді. Осылай ессіз күй бір сағаттан бірнеше күнге созылады.

Сурет:Posterior fossa hemorrhage.jpg
Мидың артқы жағына қан құйылу

Егер адам тірі қалса, көбінесе сөйлеу мүшелеріне, көзіне, есту мүшелеріне зақым келеді немесе бетінің бір жағы мен денесі жансызданып сал болып қалуы мүмкін. Ал ауру онша қатаң болмай, ұстап қалған жағдайда мұндай белгілер ес-түсінен айрылмай-ақ пайда болады да, бір қатар уақыт еткен соң бәрі де қалыпқа келеді.

Емдеу жолдары

Ауру адамды бетін төмен қаратып жатқызу керек. Егер ес-түссіз жатса, түкірігі немесе құсығы екпесіне кетіп қалмайтындай етіп басын қисайтып жатқызу керек Ес-түссіз жатқан адамға тамақ, су немесе дәрі беруге болмайды. Дереу дәрігерге қаратыңыз . Егер ауру үстаған адам жартыпай сал болып қалса, таяқпен жүруге және сау қолы арқылы өзін-өзі күтуіне көмектесіңіз. Оған ауыр зат көтеруге және ашулануға болмайды.

Алдын алу

  1. Құнарлы тамақ ішіңіз, майлы және тұзды тамаққа әуестенбеңіз. Артық салмақ қосу немесе семіру зиянды.
  2. Ішімдік көп ішпеңіз.
  3. Темекі тартпаңыз.
  4. Дене және ой еңбегін қатар пайдаланыңыз.
  5. Дұрыс дем алуға, ұйықтауға дағдыланыңыз.
  6. Өмірде кездесетін қиындықтарда өзіңізді дұрыс ұстай біліп, мәселені дұрыс шешуге үйреніңіз, күйгелек болмаңыз.

Ескерту: Егер жас немесе орта жастағы адамда ешқандай ауру ұстамай-ақ, бетінің жартысы жансызданып, сал болып қалса, онда бұл бет жүйкесінің уақытша сал болып қалуы (Бепл салы). Бұл ауру бірнеше аптадан немесе айдан кейін өзінен-өзі кетеді. Бұл аурудың себебі әлі белгісіз. Ешқандай емнің бұған керегі жоқ, бірақ компресс қою көмектеседі. Егер бір көзіңіз жұмылмай қалса, оны зақым болудан немесе құрғап қалудан сақтау үшін түнге қарай бинтпен жауып қойыңыз.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!