Мишық қыртысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Microzone.svg
Мишық қыртысы.

Мишық қыртысы (кора мозжечка); (cortex cerebelli, Үлгі:Lang-la —қыртыс, cerebellum — мишық) — мишықтың сыртқы бетіндегі қатпарлы сұр заты. Мишық қыртысы үш қабаттан: молекулалы, ганглионды және дәнше қабаттардан қүралған. Сыртқы — молекулалы қабатты мидың басқа бөлімдерінен келетін жүйке толқынын (импульс) тежейтін, жұлдызша және себетше нейроциттер, олардың өсінділері мен ганглионды нейроциттердің тарамдалған дендриттері құрайды. Ортаңғы—ганглионды қабат мишықтың негізгі қызметін атқаратын алмұртша нейроциттерден тұрады. ішкі — дәнше қабат майда нейроциттерден және импульстерді тежеуші ірі жұлдызша нейроциттерден құралған. Орталыққа тепкіш (афферентті) жүйке толқындары мидың төменгі бөліктерінен мишық қыртысына мүк тәрізді және өрмелегіш жүйке талшықтары арқылы келеді. Мүк тәрізді жүйке талшықтары жүйке толқынын алмұртша нейроциттерге дәнше нейроциттер арқылы, ал өрмелегіш жүйке талшықтары жүйке импульстерін оларға тікелей жеткізеді. Мишық қыртысының қалыңдығы әртүрлі жануарларда түрліше. Орта есеппен молекулалы қабаттың үлесі 55%, ганглионды қабаттың — 5%, дәнше қабаттың — 40% болады. Мишық қыртысы адам мен жануарлар организмдерінде дене тепе-тендігін реттеу және қимыл-қозғалыстарды үйлестіру қызметтерін атқарады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мишық қыртысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

tl:Serebelo