Михаил Юрьевич Юрченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Михаил Юрьевич Юрченко 1970 жылы 20 маусымда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе ауылында туған. Орыс. Анасы - Юрченко Апевтина Степановна, зейнеткер, педагог болып жұмыс істеген, ағарту ісінің озаты. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын (1992), жаттықтырушы-оқытушы; әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (2002), заңгер-құқықтанушы. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі. 1989 жылдан - ӘОСК-да жумыс істеген. 1997 жылдан - Алматы қаласы ≪Лотто≫ спорт кпубының президенті. 1999 жылдан - Әуесқой бокс федерациясының президенті (Алматы қаласы). 2009 жылдан бері - ≪Алматы қаласының бокс федерациясы≫ ЗТБ бірінші вице-президенті. Бүкілодақтық жасөспірімдер ойындарының (1988), КСРО жастар біріншілігінің жеңімпазы (1989); КСРО Кубогының жүлдегері (Подольск, 1989); КСРО Чемпионатының финалшысы (Луцк, 1990); КСРО Халықтарының X жазғы Спартакиадасының қола жүлдегері (Минск, 1991); халықаралық турнирлер жеңімпазы (Алматы, Свердловск); бокстан 4 мәрте КСРО чемпионы; бокстан әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы (1992). Алматы облысы Қаратал ауданының Құрметті азаматы. Әскери атағы - лейтенант. Діни көзқарасы - христиан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Тек қана алға - жарқын болашаққа!≫ Хоббиі - бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - деректі, тарихи әдебиеттер. Үйленген. Жұбайы - Юрченко Марина Анатольевна, мейрамхана иесі. Қыздары - Олеся, Арина; ұлдары - Владислав, Богдан. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub