Михаил Илларионович Артамонов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Михаил Илларионович Артамонов (1898-1972), ежелгі шығыс тарихын зерттеуші, ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор. 1951-1964 ж. Эрмитаждың директоры болды. Санкт-Петербургтің шығыстану ғылыми мектебінің түлегі әрі осы саладағы аса ірі оқымыстының бірі. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін Орталық және Кіші Азияны көне дәуірде мекендеген халықтар мен көшпелі мемлекеттердің тарихын зерттеуге арнады. Соның ішінде бүгінгі қазақ ұлтының ежелгі тарихына тікелей қатысы бар скифтер, кемерліктер, хазарлар туралы «Хазар тарихының очерктері» (1936), «Кене Дербент» (1946), «Хазар тарихы» (1962), «Скиф қорғандарындағы қазыналар» (1967), «Кемерліктер мен скифтер» (1975) атты ғылыми монографиялары осы бағыттағы іргелі еңбек болып табылады. Әсіресе оқымыстының «Хазар тарихы» монографиясында туркі және хазар қағанаттарының көшпелілер әлемі мен рухани таным-дәстүріне қатысты белімінде М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы дәстурлік-этнографиялық, тектік-рулық, жауынгерлік рухтық көріністерге тоқталып: екі оқиғаның арасында мың жыл өтсе де тарихи шындық пен көркемдік шындықтың байланысып жатуы - көшпелілер қоғамының даму сатысындағы езіндік ерекшелікті танытады деген пікір қорытады. Будан бурын тарихи оқиғаның шындығын дәлелдеу үшін ғылыми дәйектеме ретінде «Гильгамеш», «Одиссея», «Илиада», «Шаһнама», «Игорь жасағы туралы жыр», «Манас» іспетті эпостарда ғана суреттелген жайлар мысалға алынатын. Ғүлама тарихшының көркем шығарманың өзін тарихи шындықты дәлелдеуге тәмсіл етуі арқылы Әуезовтің жазушылық қасиетін ғана емес, оның ғалымдық пайымдауын жоғары бағалағандығын көрсетеді. Кейін Артамоновтың шәкірті А. Н. Гумилев өз ұстазының осы түжырымына сілтеме жасай отырып, «Абай жолындағы» жайлауға көшу кезіндегі көрініс арқылы өзінің «еуразиялық қисынын» дәлелдеу үшін тілге тиек етті.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Михаил Илларионович Артамонов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}