Михаил Еремеевич Кильчичаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Михаил Еремеевич Кильчичаков (1919 жыл 21 қараша - 1990 жыл 23 тамыз) - хакас драматургі, ақын. 1944 жылдан КОКП мүшесі.

Еңбек жолы

1953 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірді. Оның әдеби қызметі 1947 жылдан басталды. Кеңестік ауыл шаруашылығын коллективтендіру туралы «Көктеу» (1951), соғыстан кейінгі ауыл өмірі жайлы «Аю сайы» (1956), Коммунистік партияның шақыруымен ауылға аттанған өндіріс озаттарын суреттеген «Жапырақтар неге сарғаяды» (1961) пьесаларын, «Тірі қан» (1962), «Жүректе қалған іздер» (1964) өлеңдер жинақтарын шығарды.

Марапаттары

«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>