Михаил Викентьевич Баярунас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баярунас Михаил Викентьевич (18821940) – ғалым, геолог. 1907 ж. Н.Андрусов, оның ұлы Л.Андрусов, М.Клерлермен, 1908 ж. Н.Андрусовпен, 1910 ж. Киев университетінің студенті А.С. Савченкомен, одан кейінгі жылдарда А.Нацкий, Б.Личков, В.Мокринский, т.б. саяхатшылармен бірге Маңғыстауда бірнеше рет болып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы сапарларында Бомбей университетінің түлегі, маңғыстаулық геолог Оразмұханбет Тұрмағанбетұлымен достасып, өлкені бірге зерттейді. Баярунастың алғашқы еңбегі – Маңғыстау уезі далалық бөлігінің геология зерттеу есебін 1910 ж. проф. Н.Андрусовтың алғы сөзі есепті хатымен императорлық Орыс геология қоғамына жолдайды. 1910 ж. Кетік – Қарақия – Тасбас – Тұзбайыр – Үстірт – Көкбұлақ – Қызылит – Алаторпа – Таушық бағытымен жүріп өтіп түбекте тұңғыш тектоникалық зерттеу жүргізді, геологиялық түсірім жасады. Марганец кенін тауып, Таушық көмірін барлауды жалғастырды. Сол сапарлары кезінде бірнеше фотосуреттер қалдырды. Үкінің тұлыбын жасап, Германияның зоология мұражайына тапсырды. Маңғыстаудың суағар аңғарлары туралы, т.б. еңбектер жазды. 1936 ж. түбекте соңғы рет болып, Қаратау жотасының геологиялық түсірімін бастап, бітіре алмады. 1937 ж. Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) «халық жауы» ретінде тұтқындалып, Колыма лагерінде қаза тапты. Баярунас зерттеу мақсатымен Саратов маңында, Солтүстік Кавказда, Грузияда,Әзербайжанда, Түрікменстанда, Торғай өлкесінде де болған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Михаил Викентьевич Баярунас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}