Миршавка Михаил
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Миршавка Михаил Васильевич (1936, Ворошиловград) – механизатор, Социалистiк Еңбек Ері (1981). Ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңашылы, жаңалық енгізуші. Еңбек жолын 1954 жылы Егіндікөл ауданы Бауман кеңшарында бастаған. ҚазКСР Жоғары Кеңесі 7-шақырылымының депутаты. КСРО орден, медальдарының иегері.
Дереккөздер</span>
- «Ақмола облысы» энциклопедиясы
- С. Гурбанова, Село моё родное, Алтын Астык, № 1, май, 2016
- Люди Егиндыкольского района
- Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Социалистического Труда передовикам сельского хозяйства Казахской ССР» от 19 февраля 1981 года