Миометрий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Миометрий (myometrium, грек, mys — ет, metra — жатыр) — жатырдың ортаңғы етті қабығы. Миометрий — бірыңғай салалы ет ұлпасы миоңиттерінен тұрады. Өз кезеңінде миометрий үш қабаттан: ішкі — сақинаша, ортаңғы — тамырлы, сыртқы — ұзынша қабаттардан құралған. ішкі және сыртқы миометрий қабаттарын бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері, ал ортаңғы тамырлы қабатты қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Миоциттер будаларының аралықтарында, құрамында эластин талшықтары көптеп орналасқан және гистиоциттерге (ұлпа макрофағы) бай, дәнекер ұлпасының аралықтары болады. Қалыпты жағдайда миометрий миоциттерінің ұзындығы 50 мкм-ден аспайды. Бірақ, екіқабат, буаздық кездерінде миоциттер тым үлкейіп (гипертрофия), олардың ұзындығы 500 мкм-ге дейін ұзаруы мүмкін. Миометрий іштегі нәрестенің, құрсақтағы төлдің тууы кезіндегі толғақты іс жүзіне асырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Миометрий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}