Миокард инфарктісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүрек бұлшық етінің іріңдеуі ( инфаркт миокарда ) – жүрек күре тамыры атеросклерозға ұшырағанда немесе оның тармақтары бітеліп, қан жүрісі бұзылғанда кездесетін ауру. Мұндай бұзылу тамырлардың түтігіне қан ұю немесе түтіктің құрысып, жіңішкеруі салдарынан болады. Адам қайғы – қасірет шеккенде, қатты күйзелгенде қан жүрісі бұзылып, қансыраған жүрек бұлшық еті босап, іри бастайды. Мұндай ауруды дер кезінде анықтап, хирургиялық ем жасамаса, бұлшық ет қалтасы жарылып, адамның өліп кетуі де мүмкін.